Індеттен қайтыс болғандардың 70 пайызы дәрігерге кеш хабарласқан

829

Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы көрсеткіш осындай.

Індеттен қайтыс болғандардың 70 пайызы дәрігерге кеш хабарласқан

Коронавирус жұқтырып қайтыс болғандардың шамамен 70 пайызы емханадан дәрігер шақыртпай, медициналық көмекке кеш жүгінген. Бұл туралы РБК басылымы хабарлады. 

Қалалық жедел штаб өкілдерінің айтуынша, науқастар аурудың енді басталып келе жатқан кезеңін ЖРВИ не аллергиямен шатастырып, емдеу шараларын өздері жүргізген көрінеді. Штабтағылар індет белгілерінің шынымен де ЖРВИ мен маусымдық аллергияға қатты ұқсас екенін айтады. 

Сонымен қатар олар қаза тапқан науқастардың басым бөлігінің созылмалы аурулары болғанын мәлім етті.

"Жөтел, тұмау, қызудың көтерілуі сияқты қарапайым белгілер инфекцияны жұқтырудың нышаны болуы әбден мүмкін. Науқастың жағдайының күрт нашарлап кетуі өте тез орын алады. Вирусты жұқтырғаннан кейін 5-8 күн өткен соң төсек тартып жатып қалуы ықтимал", – дейді мамандар. 

Соңғы мәлімет бойынша, Мәскеу қаласында ауруға шалдыққандардың саны 31 мыңнан асып, оның 261-і көз жұмған. 2267 кісі ем-дом қабылдап жазылған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу