Індеттен қаза тапқан үндістандықтардың саны 400 мыңнан асты

949

Вирусты жұқтыру саны бойынша Үндістан әлем бойынша екінші орында. 

Індеттен қаза тапқан үндістандықтардың саны 400 мыңнан асты

Үндістанда коронавирус дертінен қаза тапқандардың саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, ауруын асқындырып ажал құшқандардың саны 400 мыңнан асқан. Өлім деңгейі бойынша бұл ел әлем бойынша үшінші орында. Екінші орында Бразилия, онда 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. АҚШ бұл тізімде көш бастап тұр: инфекциядан көз жұмудың 600 мың фактісі тіркелді. 

Ал вирусты жұқтыру саны бойынша Үндістан екінші орында. Коронавирус ауруына шалдыққан 30 миллионнан астам тіркелді. Бұл елде күн сайын 40 мыңға жуық адам инфекция жұқтырып жатыр. Бұрын бұл көрсеткіштер едәуір жоғары болған,бірақ Үндістан билігі вирустың таралуын тежеу үшін қатаң шектеулер енгізді.

Ел халқының тек 5%-ы ғана COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны қабылдады. 24 мамырда коронавирустан қайтыс болғандар саны 300 мыңға жетті деп хабарланған еді. Үндістанда науқастар саны ақпан айының ортасынан бастап өсуде, өйткені вирустың жаңа агрессивті штамы кең етек жаюда.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу