"Індетті өзгеге әдейі жұқтыру – ауыр күнә"

624

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қауіпті вирусты өзгеге әдейі жұқтырудың қандай күнә болып есептелетінін түсіндіріп берді.  

"Індетті өзгеге әдейі жұқтыру – ауыр күнә"

Дін өкілінің айтуынша, пандемия кезінде карантин режимі мен ешбір сақтық шараларын сақтамай коронавирусты өзгеге әдейі жұқтыру үлкен күнә, деп жазады inbusiness.kz  тілшісі. 

"Кімде-кім бір адамның сырқаттануына, дүниеден өтуіне себепкер болатын болса, бүкіл адамзатты өлтіргенннің күнәсін арқалайды. Адамзат деген Адам ата жартылғаннан бастап дүниеде ең соңғы қанша адам болады, сол адамның барлығының өлтіргеннің күнәсін алады деген. Өзі вакцина алмай өзгеге жұқтырып, әдейі соған қарсы жұмыс істеп, сондай тірліктер істейтін болса, әрине, сол күнәні алады",- деді қаланың бас имамы. 

Сондай-ақ Бақдәулет Абдрахманов медициналық білімі жоқ адамның  вакцина зиян екен деп жалған ақпарат таратуы да күнә деп отыр. Өйткені, өзі білмей тұрып адамдарды білместікке шақырады. Бұдан өзге имам вакцина салдыру - мүбах, яғни, рұқсат екенін жеткізді. Бірақ  екпе алу әрбір азаматтың келісімі бойынша орындалуы тиіс деген ол тұрғындарды адамдар көп жиналатын орындарға бармауға және сақтық шараларын барынша ұстануға шақырды. 

Жансая Тәуекелқызы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу