Індеттің шарықтау шегінен өттік – Қасым-Жомарт Тоқаев

690

Төтенше жағдай комиссиясы экономикалық комиссия болып өзгерді. 

Індеттің шарықтау шегінен өттік – Қасым-Жомарт Тоқаев

Елімізде коронавируске байналысты жарияланған  төтенше жағдай режимі аяқталғанымен,  мемлекеттік комиссия жұмысын тоқтатпайды. Енді комиссия мүшелері экономикалық өсімді қалпына келтіруге күш салатын болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешімін мәлім етті. 

"Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр. Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды. Енді Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады. Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады", - деді ол комиссияның қорытынды отырысында. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу