Індеттің тағы бір толқыны ақпанның ортасында шарықтау шегіне жетеді – Айжан Есмағамбтеова

1214

Сырқаттану көрсеткіші 11 есеге өскен.  

Індеттің тағы бір толқыны ақпанның ортасында шарықтау шегіне жетеді – Айжан Есмағамбтеова

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихаты барысында COVID-19-дың жаңа толқынына қатысты болжам жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Омикрон" штамының пайда болуымен әлем елдерінде коронавирус инфекциясының тез таралуы байқалды. Елімізде жыл басынан бері 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды. Пандемияның бүкіл кезеңімен салыстырғанда алғаш рет індеттің тәуліктік тірекелуі 16 мыңнан асып түсті. Бұл "Омикрон" штамының өте жұқпалы әрі тез таралуымен байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысынан басқа барлық өңір "қызыл" аймақта. Және еліміз бойынша соңғы аптада сырқаттану деңгейі 1,5 есеге өсті", – деді спикер.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қаңтарда коронавируспен сырқаттану көрсеткіші 11 есеге өскен. Осы ретте ол өз болжамымен бөлісті.

 "Елдегі эпиджағдай біздің тұрақты бақылауымызда. Соңғы болжам бойынша індет ақпан айының ортасында шарықтау шегіне жетеді", - дейді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу