Індеттің таралу деңгейі тұрақталды

875

COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған 59204 адам анықталған.

Індеттің таралу деңгейі тұрақталды

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев елдегі коронавирустық инфекция ахуалы жайлы мағлұмат берді.

"Бүгінгі күнге дейін короновирус жұқтырған 4298 науқас тіркелді. Оның жартысы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында. 1279 адам жазылып шықты. Стационарда қазір 2897 сырқат ем-дом қабылдап жатыр. Олардың 85%-ы қалыпты және 14%-ы орташа қалыпты жағдайда. Ал 25 науқастың жағдайы ауыр, 6 адам өте ауыр халде жатыр. Олардың жетеуі жасанды демалу апаратына қосылған. Эпидемия уақытында 30 адам қайтыс болды. Індет жұқтырғандармен байланыста болған 59204 адам анықталып, олардың 98%-ы анықталып, оқшауланды. Өткен тәулікте коронавирустік инфекция жұқтырған 156 жаңа жағдай тіркелді", – деп атап өтті комитет төрағасы.

Оның айтуынша, індеттің таралу қарқыны тұрақтап, соңғы күндері өсім деңгейі 4%-дан аспаған.

"Өткен екі аптада індеттің таралу деңгейінің тұрақталғаны байқалғанын айта кеткім келеді. Коронавирустік инфекция жұқтырғандар саны 7%-дан асқан жоқ. Ал соңғы үш күнде науқастар санының өсуі 4%-дан аспады. Вирус жұқтырғандардың 57%-ы белсенді түрде скринингтік зерттеулердің жүргізілуі нәтижесінде белгілі болды. Ал 36%-ы медициналық көмек алу кезінде анықталды. Шет мемлекеттен ауырып келгендер 7,2%. Скрининг нәтижесінде анықталғандардың барлығы симптомпсыз науқастар. Тестілеу ауқымы тәулігіне 12 мыңға дейін ұлғайды, ай соңына дейін зерттеулер саны тәулігіне 25 мыңға дейін жеткізіледі", – деп айтты Тимур Сұлтанғазиев.

Нұржан Көшкін

Фото: PixabayФото: Pixabay

Фото: Pixabay

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу