Қазақстанның екінші, әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киздің мысын басты.
Ю.Путинцева екі сетте де басымдық танытты – 6:4, 6:1.
Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында Юлия 7 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Америкалық спортшы 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен таласады. Бұл олардың өзара үшінші кездесуі болмақ. Осыған дейін екі матчта да И.Швентек жеңіске жеткен.
Қазақстандық теннисші қазіргі сәтте WTA Live рейтингісінде 67-орынға көтеріліп тұр.