Индир ауданы Ақтөбеге қайырымдылық керуенін жөнелтті

627

Индир ауданы Ақтөбеге қайырымдылық керуенін жөнелтті

Мереке қарсаңында мың шақырымдық жолды жүріп келген индирлік қайырымдылық керуені діттеген жеріне жетті. Атырау облысы Индир ауданы тұрғындарының жұдырықтай жұмыла ұйымдастырған бұл көмегі Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен жандарға арналған болатын.

Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан шараға аудан тұрғындары түгелдей атсалысып, қолдан келген көмектерін ұсынған. Бірі қаржылай жәрдем берсе, енді бірі азық-түлік, киім-кешек түрінде әкелген. Индир аудандық "Айып қажы" мешітінің бас имамы Ералы Қажығалиевтің айтуынша, тұрғындардың қаржылай ұсынылған көмегіне қосымша азық-түлік алынған. Барлығы жүк көлігіне тиеліп,  жексенбі күні жолға шыққан, мешіттің бас имамы бастаған жауапты топ аманатты ақтөбеліктерге дін аман тапсырды.

Облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің бастамасымен қолға алынған "Ақтөбе асары" атты қайырымдылық акциясының аясында үлестіріледі. Көмекті су тасқынынан  зардап шеккен тұрғындар ғана қажет құжаттарды тапсырып, қолхат жазу арқылы ала алады.

Естеріңізде болса, су тасқыны болған облыстардың тұрғындарына көмек көрсету мақсатында Діни басқарманың бастамасымен "Қайырымдылық керуені" шарасы қолға алынған болатын. Осыған сәйкес Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен жанұяларға көмек көрсетіп, тиісті шаралар ұйымдастыру еліміздің Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтау, Атырау, Қостанай, Қызылорда облыстарына жүктелген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу