12 қыркүйек күні Уттар-Прадеш штатының тұрғындары орманнан 12 өлі маймыл тапты, деп хабарлайды РИА "Новости".
Тұрғындар мұнша маймылдың қырылуына не себеп болғанын білмей дал. Біреу улап өлтірген шығар деген күдікпен өлі маймылдарды ветеринарлық клиникаға алып барған. Мамандар өлекселерді зерттей келе, жануарлардың жүрегі жарылып өлген деген қорытынды жасады.
Олар жолбарыстың ақырғанынан қорыққан болуы керек. Тұрғындар да орманнан жолбарыстың даусын естігендерін айтуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу