Индияда құмды дауылдан 100-ге жуық адам көз жұмды

821

Индияда құмды дауылдан 100-ге жуық адам көз жұмды

Индияның солтүстігінде құмды дауыл мен нөсер жаңбырдың салдарынан кемінде 95 адам көз жұмды, деп хабарлайды bbc.com.

Уттар-Прадеш мен Раджастанда құмды дауылдан тұрғын үйлер қирап, біраз адам қиранды астында қалған. 100-ден аса адам жарақат алған. Үйлер жарықсыз қалды. Жай түсіп, көз жұмғандар да бар.

Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жеткен. 

Штат басшылығы қаза болғандардың отбасына 400 мың рупиден көмек беріледі дейді. 

Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаза болғандар санын анықтап, із түссіз кеткендерді іздеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу