Индонезияда ақ халаттылар наразылыққа шықты. Ел астанасы Джакартада көшеге шыққан жүздеген денсаулық сақтау қызметкері аталмыш саладағы заңға түзету енгізуге қарсы, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Олардың ойынша, түзетулер дәрігерлердің құқықтарын шектеуді көздейді.
Еске салайық, ақпан айында ел Парламенті дәрігерлерге қарсы қылмыстық іс қозғау тәртібін жеңілдететін жаңа заң жобасын ұсынды. Бұл бастама кәсіби медициналық қоғамдастықта үлкен наразылық тудырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу