Индонезия өз шекарасын біртіндеп ашпақ

682

Өткен жылдың желтоқсан айында Джакарта шетелдіктердің елге келуіне толықтай тыйым салған еді. 

Индонезия өз шекарасын біртіндеп ашпақ

Индонезия мемлекеті бірнеше елмен арадағы туристік дәлізді ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Jakarta Post газетіне сілтеме жасап. 

"Індет бәсеңдеген сайын басқа елдермен арадағы көлік байланысы қалыпқа келеді деп үміттенеді үкімет", – деді туризм және шығармашылық экономика министрі Сандиага Уно.

Оның айтуынша, Индонезия әзірге жеті мемлекетпен, нақтырақ айтқанда, Ресей, Бельгия, Британия, Вьетнам, Нидерланд, Сингапур және Франциямен арадағы туристік байланысты жандандырады. 

Ведомство басшысы мұндай механизмдер шетелдік туристердің жергілікті билік тарапынан қойылған барлық талаптарды орындауға дайын екендігіне кепілдік беруі керек екенін мәлім етті. Министр басқа елдердің азаматтарының елге келу тәртібі нақты қандай болатынын ашып айтпады.

Өткен жылдың желтоқсан айында Джакарта шетелдіктердің елге келуіне толықтай тыйым салған еді. Индонезия Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасында коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр. Осы күнге дейін 1,8 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, оның 50,7 мыңнан астамы аурадан қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу