Индонезия парламенті пленарлық отырыс барысында ел астанасын Шығыс Калимантан провинциясына көшіру туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Отырысқа 575 депутаттың 305-і қатысқан.
17 қаңтарда Индонезияның ұлттық дамуды жоспарлау министрі Сухарсо Моноарфа республиканың жаңа астанасы Нусантара деп аталатынын жариялады.
Индонезия президенті Джоко Видодо бас қаланы Джакартадан көшіру туралы жоспарын 2019 жылы мәлім еткен еді. Ол үшін бюджеттен шамамен 32 млрд доллар көлемінде қаржы бөлінген болатын.
Алайда коронавирустық пандемия салдарынан жобаны жүзеге асыру процесі уақытша тоқтатылды. Көшіру жұмыстары 2 жылдан кейін басталуы мүмкін.
Табиғат Нұрболат