Индонезия Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын

687

15-16 қарашада Балиде G20 саммиті өтеді.

Индонезия Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын

Индонезия G20 саммиті аясында Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын. Бұл туралы Индонезияның Ресейдегі елшісі Хосе Таварес мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Индонезия Президенті Джоко Видодо Ресей мен Украина президенттеріне шақыру парағын жіберді. Егер олар жиырмалықтың Балидегі саммитіне қатысса, онда, әрине, кездесуді ұйымдастыруға мүмкіндік болады. Индонезия мұндай кездесуді ұйымдастыруға дайын. Әрине, егер президенттер келсе, біз қолдан келгенді жасаймыз", – деді ол. 

15-16 қарашада Индонезияда дамыған және дамушы елдердің, яғни Еуроодақ, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Бразилия, Сауд Арабиясы және басқа да елдердің 17-ші саммиті өтеді. Жиын орны болып Бали бекітілді. Индонезия G20-ның қазіргі төрағасы болып табылады. G20 президенттері сәуір айында шақырылған болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу