Индонезия үкіметі тарауы мүмкін

681

Ел президенті Джоко Видодо осындай шешім қабылдамақ. Оның пікірінше, бюрократиялық аппараттың қысқаруы шетелдік инвестициялардың көбеюіне септігін тигізбек. 

Индонезия үкіметі тарауы мүмкін

Ол қазіргі сауда және өнеркәсіп министрліктерін біріктіріп, инвестиция министрлігін құрмақшы. Видодо ведомствоның басшысы етіп қазіргі Сыртқы істер министрі Ретно Марсудиді тағайындауы мүмкін.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше күн бұрын өткен отырыста Видодо қытайлық кәсіпорындардың басқа елдерге көшірілуіне байланысты жағдайға наразылығын білдірген. Оның пікірінше, маусымнан тамызға дейін ірі 33 шетелдік компания АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы кесірінен басқа елге көшуге мәжбүр болған. Олардың басым бөлігі Вьетнам, Үндістан, Камбоджа, Малайзия, Мексика, Сербия және Таиланд елдерін таңдаған. "Вьетнамда зауыт ашу екі ай уақыт алады, ал Индонезияда бұл процесс бір жылға созылады", – дейді президент. 

Айта кетейік, Джоко Видодо елдің сыртқы саудалық дефицитін төмендетуге уәде еткен еді. Былтыр бұл көрсеткіш 31 млрд доллардан асып кеткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу