Индонезияның Суматра аралында Марапи жанартауының атқылауы кезінде альпинистер қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
2 желтоқсан, сенбі күні 75-ке жуық шыңға шығып бара жатқанда кенеттен жанартау атқылап, күл бағандары 3 мың метр биікке шапши бастаған. Жақын маңдағы ауылдар мен қалаларды жанартау қалдықтары басып қалды.
"11 альпинистің мәйіті табылды, үшеуі құтқарылды, 12-сі із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енді. Тағы 49 адам таудан өздігінен түскен, кейбірі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді", - делоінген хабарламада.
Сарапшылардың айтуынша, Марапи әрқашан кенеттен атқылайды әрі ошағы жер бетіне тым жақын орналасқандықтан, жылдам анықтау қиынға соғады.