Индонезияда 2 қазақстандық қамауға алынды: Оларға өлім жазасы төніп тұр

625

Индонезия билігі елде 2 айлық операция барысында есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 285 адамның тұтқындалғанын хабарлады.

Индонезияда 2 қазақстандық қамауға алынды: Оларға өлім жазасы төніп тұр Фото: Associated Press

Ұсталғандардың арасында 29 әйел мен 7 шетел азаматы бар. Жалпы жарты тоннадан астам есірткіні тәркіленген, деп жазады inbusiness.kz сайты Associated Press-ке сілтеме жасап.

Ұсталғандардың жетеуі шетел азаматтары: 1 америкалық, Қазақстан (екеуі), Малайзия (екеуі), 1 үндістандық және 1 аустралиялық.

Ұлттық есірткімен күрес агенттігі басшысының орынбасары Буди Вибовоның айтуынша, билік 683 885 грамм (0,68 тонна) кристалды метамфетамин, марихуана, экстази, ТГК, гашиш және амфетаминдерді тәркілеген. Осылайша 1,3 миллионнан астам адамның қолына есірткінің түсуіне жол берілген жоқ.

Индонезияның Бали аралында есірткіге байланысты қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған 2 Қазақстан азаматына өлім жазасы тағайындалуы мүмкін. Индонезияда есірткі тасымалдау мен саудасына қатысты қатаң жаза қарастырылған.

Бүгінге дейін Индонезияда шетел азаматтарына қатысты өлім жазасы бірнеше рет орындалған. Алайда 2017 жылдан бері аталған жазаға мораторий енгізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу