Индонезияда 280 жолаушысы бар паром өртеніп, күлге айналды

649

Алдын ала мәлімет бойынша, 3 адам қаза тауып, 150-ге жуық жолаушы құтқарылған.    

Индонезияда 280 жолаушысы бар паром өртеніп, күлге айналды Фото: life.ru

Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясында 280 адам мінген паром өртеніп, бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

KM Barcelona 5 паромында өрт Манадо қаласының маңындағы суларда жүрген кезде тұтанған.

"Үш адам көз жұмды, ал шамамен 150 адам аман-есен құтқарылды. Оларды бірлескен құтқару топтары мен жергілікті балықшылардың қайықтары құтқарып үлгерді", – деді құтқарушылар өкілі Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында.

Қазір іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Жоғалған адамдарды табу үшін екі кеме, бірнеше үрлемелі қайық және өзге де су көліктері жұмылдырылған.

Оқиғаның себебі әлі белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу