Индонезияда 6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды вакциналау басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті билік елдегі 26,5 миллион баланы иммундау үшін Sinovac Biotech вакцинасын мақұлдады.
Индонезия үкіметінің мәліметінше, елде коронавирустық инфекцияның 4,2 миллионнан астам фактісі тіркелген. Олардың 13%-ы 18 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.
Қытай – үш жастан асқан балаларды вакциналауды бастаған Азиядағы алғашқы ел. Камбоджа 6-12 жас аралығындағы балаларға екпе салдыру науқанын осы жылдың қыркүйегінде бастады.
Осы уақытқа дейін Индонезия тұрғындарының шамамен 38%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Бұл елде Moderna, Pfizer және AstraZeneca вакциналары қолданылып жатыр.
Табиғат Нұрболат