Индонезияда апатқа ұшыраған Boeing-737 ұшағының қара жәшігі табылды

836

Индонезияда апатқа ұшыраған Boeing-737 ұшағының қара жәшігі табылды

Индонезияда сүңгуірлер апатқа ұшыраған Boeing-737 ұшағының қара жәшігін тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін әуе ұшағының сынған бөлшектері мен фюзеляжы табылған еді. Сонымен қатар қаза тапқан кейбір жолаушылардың денелері судан шығарылды.

Естеріңізге салайық, 29 қазанда Джакартадағы теңізге құлаған әуе кемесінің бортында 189 адам болған. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы қаза тапты.

Ұшақ апатының нақты себебі тергеу ісі аяқталғаннан кейін белгілі болады. Қайғылы оқиға орын алған жерде іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу