Индонезияның Бали аралында Агунг жанартауының оянуына байланысты барлық ұшақтың ұшуы тоқтатылып, екі мыңнан астам турист үйлеріне қайта алмай отыр, деп хабарлайды khabar.kz.
Сенбі күннен бері мұндағы күл мен түтін 3 мың метр биктікке көтерілген. Жанартаудан 7,5 шақырым жерге дейінгі тұрғындар жаппай көшірілуде. Қазірдің өзінде 25 мың тұрғын қауіпсіз жерге шығарылған.
Мамандар: "Агунгтің нақты қашан атқылайтындығын болжау қиын", – деп отыр. Ол соңғы рет 1963 жылы оянған екен. Сол кездегі табиғи апатта 1 600 адам қаза тауып, 220 мың тұрғын көшіріліпті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу