Индонезияда цифрлық банк ашылады

736

Сарапшылардың болжамынша, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі экономика саналатын Индонезия елі алдағы уақытта қаржылық технологияға бет бұра бастайды, яғни интернетті қолданатын халық цифрлық банктерге жүгіне бастайды.

Индонезияда цифрлық банк ашылады

Индонезияның Jago деп аталатын банкі елдегі алғашқы цифрлық банкке айналады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы The Straits Times басылымына сілтеме жасап.

Gojek деп аталатын жергілікті цифрлық платформа өткен жылдың желтоқсан айында банк акцияларының 22,1%-ын 160 миллионға сатып алғаннан кейін, Jago осы форматқа көше бастаған. Директорлар кеңесінің мүшесі Аника Файзалдың айтуынша, қазіргі таңда банктердің негізгі міндеті – экожүйелерді дамыту. Файзал тұтынушылар болашақта қаржылық қызметтерді цифрлық жүйеде пайдаланады деген пікірде. 

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Индонезияның ересек тұрғындарының жартысына жуығының, шамамен 95 миллион адамның әлі күнге дейін банктік шоты жоқ. Елде тұратын 270 млн адамның 80%-ға жуығы интернеті бар смартфонды қолданады.

Сарапшылардың болжамынша, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі экономика саналатын Индонезия елі алдағы уақытта қаржылық технологияға бет бұра бастайды, яғни интернетті қолданатындар цифрлық банктерге жүгіне бастайды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: straitstimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу