Индонезияда ірі жанартау атқылап, дабылдың ең жоғары деңгейін тудырды

Семеру жанартауының атқылауы екі шақырым биіктікке дейін көтерілген.   

Индонезияда ірі жанартау атқылап, дабылдың ең жоғары деңгейін тудырды Фото: Bild

Ыстық күлдің танымал туристік арал Яваны басып қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Bild басылымының жазуынша, билік қауіптің ең жоғары деңгейін жариялауға мәжбүр болған.

Вулканология агенттігінің мәліметінше, атқылау 19 қараша күні түстен кейін басталған. Ыстық күл Семеру беткейін басып қалған. Сол себепті, жүздеген адам эвакуацияланып, уақытша баспаналарға орналастырылған.

Айта кетейік, Индонезияда жер сілкінісі мен жанартау атқылауы жиі болып тұрады. Биіктігі 3 676 метрді құрайтын Семеру – елдегі шамамен 130 белсенді жанартаудың бірі және Ява аралындағы ең биік тау. Оның ең соңғы қуатты атқылауы 2022 жылы тіркелген-ді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу