Индонезияда кеме жарылып, 10 адам қаза тапты

124

Маусым айында дәл осындай кемеде болған жарылыстан бес жұмысшы қаза тапқан еді.

Индонезияда кеме жарылып, 10 адам қаза тапты Фото: oxu.az

Индонезияның Риау аралдары провинциясындағы Батам қаласында орналасқан кеме жөндеу зауытында болған танкер жарылысынан 10 жұмысшы қаза тауып, 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті полиция дерегіне сүйенсек, жарылыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Federal II кемесінің бортында болған. Оқиға орнына төтенше қызмет мамандары жіберіліп, олар өртті сөндіріп, зардап шеккендер мен қаза тапқандарды танкердің өртенген бөліктерінен шығарып алған. Зардап шеккендер түгел ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары жарылыстың нақты себебін әзірге анықтамаған.

БАҚ мәліметінше, бұл 2025 жылы осы зауытта Federal II танкерімен байланысты адам өлімі тіркелген екінші оқиға. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу