Индонезияда Левотоби жанартауы оянды

145

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Индонезияда Левотоби жанартауы оянды Фото: известия

Индонезияда Левотоби жанартауы оянды. Жапонияның метеорологиялық қызметі осы жағдайдан кейін цунамидің туындау қаупін тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 12:10-да атқылай бастаған. Егер толқын расымен пайда болса, ол Жапония жағалауларына жергілікті уақытпен 15:30-да жетуі мүмкін. Жапон мамандары цунамидің пайда болу ықтималдығын зерттеп жатыр.

Анадолы агенттігінің жазуынша, кезекті атқылау жергілікті уақыт бойынша сағат 01:05-те болды. Шығыс Нуса-Тенггара провинциясындағы жанартау 18 шақырым биіктікке дейін күл бағанын атқылады.

Левотоби – екі шыңы бар жанартау. Оның белсенді бөлігі болып саналатын Левотоби Лаки-Лакидің биіктігі – 1584 метр, ол одан жоғарғы шың – Перемпуаннан (биіктігі 1703 метр) екі шақырым қашықтықта орналасқан.

Индонезия Тынық мұхиттың сейсмикалық белсенді аймағында тұр. Бұл елде 500-ден астам жанартау бар, олардың шамамен 130-ы белсенді топқа жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу