Индонезияның Борнео аралының маңында моторлы қайық аударылып, 8 адам опат болды, деп хабарлайды 24.kz.
Сорақысы сол, марқұмдар арасында 2 бала бар. Тағы 13 жолаушы ізім-ғайым жоғалып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайық суда қалқып жүрген бөренемен соқтығысып қалған екен. Онымен қоса куәгерлердің айтуынша, су көлігінде шамадан тыс көп адам отырса керек. Қазір өңірде іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу