Индонезияда мұнай ұңғымасынан шыққан өрттен 18 адам көз жұмды

676

Индонезияда мұнай ұңғымасынан шыққан өрттен 18 адам көз жұмды

Индонезияда заңсыз кәсіппен айналысқан мұнай ұңғымасынан шыққан өрттен қайтыс болғандар саны 18-ге жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Елдің батыс бөлігінде орналасқан Ачех провинциясында бірнеше тұрғын үй отқа оранды. Тереңдігі 250 метр болатын нысаннан тасып-төгіліп жатқан мұнайды тұрғындар заңсыз жинап алып жатқан кезде, өрт тұтанған. Онан зардап шеккендер аймақтағы Банда Ачех ауруханасына жеткізілген болатын. Жапа шеккендердің денесінің көп бөлігін күйік шалған, халдері мүшкіл.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін сегіз өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өңірлік полиция департаменті басшысының мәлімдеуінше, жалынның тұтануына темекінің тұқылы себеп болуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу