Индонезиядағы Риау аралдарына жауған нөсерлі жаңбыр мен көшкін салдарынан 11 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz "РИА Новостиге" сілтеме жасай отырып.
Ұлттық апаттарға қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Абдула Мухаридің айтуынша, 11 адам қаза тауып, "50 адам іс-түссіз жоғалды".
Аралдардың бір-бірінен алшақ орналасқанына байланысты құтқарушыларға апат орнына жету қиынға соғады, деп қосты ұлттық басқарма өкілі.
"Ол жаққа жету, әдетте, қайықпен шамамен бес сағатты алады. Ертең ұлттық апаттарға қарсы іс-қимыл басқармасы тікұшақ береді деген үміттеміз", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу