Индонезияда өткен құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды

278

Алматылық спортшылар қазіргі бессайыстан Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды.  

Индонезияда өткен құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Алматы спортшылары U-17 және U-19 жасөспірімдер арасындағы қазіргі бессайыстан Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Индонезияда өткен жарыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орын иеленді. Бұл нәтижеге алматылық спортшылар айтарлықтай үлес қосты.

Турнирдің басты қаһармандарының бірі Темірлан Төлегенов болды. Ол U-17 санатында жеке есепте, командалық сын мен аралас эстафетада үш алтын медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар Нұрғали Өмірсерік, Яна Беспалова, Ажар Болат, Степан Варёхин, Полина Андреева және Диана Гренц жүлделі орындарға ие болды.

Чемпионат бағдарламасына семсерлесу, жүзу, лазер-ран және қазіргі бессайыстың жаңартылған кедергілер жолағы енгізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу