Индонезияда сайлау комиссиясының 54 өкілі қайтыс болды

679

Олар сайлаушылардың даусын есептеймін деп, зорығып көз жұмған.

Индонезияда сайлау комиссиясының 54 өкілі қайтыс болды

Индонезияда сайлаушылардың даусын есептеймін деп сайлау комиссиясының 54 өкілі қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті Tempo агенттігіне сілтемемен astanatv.kz хабарлайды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ариф Будиманның айтуынша, олар сәуірдің 17 күні өткен жалпы сайлауда қатты шаршап, шыдамай көз жұмған.

Индонезиядағы бұл жолғы сайлау әлемдегі ең ірі саяси науқан болып тіркеліп отыр. Мұнда тек президент қана емес, жалпы саны 240 мыңға жететін қос палатаның депутаттары мен жергілікті заң шығарушылар сайланған. Ал науқанға бас-аяғы 155 млн-ға жуық адам қатысқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу