Индонезияда Синабунг жанартауы атқылай бастады

931

Индонезияда Синабунг жанартауы атқылай бастады

Индонезияда Синабунг жанартауы атқылай бастады. Одан шыққан күлдің биіктігі 5 шақырымға дейін жетеді, деп хабарлайды 24.kz.

Салдарынан Суматра аралында қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды. Осыған орай жергілікті билік 3 мыңнан астам адамды шұғыл түрде эвакуациялаған. Ауадағы зиянды заттардың мөлшері де асып кеткен. Сондықтан билік тұрғындар мен туристерді сақ болуға шақырып отыр.

Негізі осы жанартау орналасқан Суматра аралы саяхатшылар арасында танымал орындардың бірі саналады. Бұған дейін Бали аралында да Агунг жанартауы атқылап, тұрғындар мен демалушыларды әбігерге салған болатын. Салдарынан Индонезияға жолдама алушылар саны күрт төмендеп кетті.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу