Индонезияда су тасқынынан 19 адам қаза тапты

455

Индонезияның Батыс Суматра провинциясында болса бірнеше күн бойы төпелеп жауған жаңбырдан су тасқыны басталды.  

Индонезияда су тасқынынан 19 адам қаза тапты Фото: trt.net.tr

Соңғы мәліметке қарағанда, 19 адам қаза тауып, жетеуі жоғалып кеткен. 70 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал аймақ астанасы Паданг қаласы мен сегіз ауданда 700-ге жуық үй, бірнеше көпір мен мектептер зақымданды. Жергілікті билік егістік алқаптарын су шайып кеткенін мәлімдеп отыр. Айта кетейік, Индонезияда жаңбыр маусымы қаңтарда басталды.

Синоптиктердің хабарлауынша, жауын алдағы күндері жалғасып, кейбір елдімекендерде лай көшуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу