Индонезияның шығыс аймағындағы Папуа провинциясында болған су тасқынынан кемінде 42 адам көз жұмды. 21 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Reuters.
Су тасқынына толассыз жауған жаңбыр себеп болған.
9 үй мен 2 көпір қираған. 120-ға жуық тұрғын уақытша орындарға орналастырылды.
Әзірге-іздеу-құтқару жасақтары зардап шеккен аудандардың бәріне жетіп, көмек көрсете алмай отыр.
Билік өкілдері қаза болғандардың саны артуы мүмкін екенін айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу