Индонезияның Солтүстік Суматра провинциясында басталған нөсер жауынның соңы су тасқыны мен селге ұласты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Sky News таратқан мәліметке сүйенсек, табиғи апат салдарынан 27 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алған.
Нөсер жаңбыр Медан провинциясының әкімшілік орталығында да су тасқынына ұласып, елдегі сайлау процесінің тежелуіне әкелді.
Индонезия метеорологиялық агенттігі 2024 жылдың соңына қарай экстремалды ауа райы болатынын ескерткен. Себебі Ла-Нинья құбылысы тропикалық архипелагтағы жауын-шашын көлемін ұлғайтады.
Елде 17 мыңнан астам арал бар. Ал таулы аудандарда миллиондаған адам тұрады. Үнемі маусымдық жауын қазаннан наурыз айына дейін жалғасып, су тасқыны мен селді тудырады.