Индонезияда табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 900-ден асты

269

Құтқару-құттықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Индонезияда табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 900-ден асты Фото: AP Photo / Binsar Bakkara

Суматра аралында болған сел мен топырақ көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 914-ке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаза тапқандардың 359-ы Аче провинциясының, 329-ы Солтүстік Суматраның, ал 226-сы Батыс Суматраның тұрғындары.

389 адам із-түссіз жоғалған деп есептеліп отыр.

Табиғи апат муссондық жаңбыр мен тропикалық циклонның әсерінен пайда болып, миллиондаған тұрғын зардабын көріп отыр.

Индонезия билігі зардап шеккен аймақтарда төтенше жағдай жариялап, халыққа гуманитарлық көмек көрсету бойынша ауқымды операцияны бастады. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін тікұшақтар мен ұшақтар тартылды. BNPB агенттігінің бағалауынша, сел салдарынан 3 миллионнан астам адам зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу