Индонезияда тағы бір жер сілкінісі болды

646

Жер асты дүмпулері Ява аралында тіркелген. 

Индонезияда тағы бір жер сілкінісі болды Фото: arover.net

Бұл жер сілкінісі 2022 жылдың қараша айының соңында дүмпуден де күштірек болды. 8 желтоқсанда жер асты дүмпуі, тіпті, Индонезия астанасында сезілді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфаксқа" сілтеме жасай отырып.

"АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 5,8-ге жетті. Ошақ Батыс Ява провинциясының аумағында 123 шақырым тереңдікте орналасқан", - делінген жедел хабарламада.

Ал Индонезияның сейсмологиялық агенттігі жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалады.

20 қарашада Индонезияны 5,6 баллдық жер асты дүмпулері дүр сілкіндіргенін еске саламыз. Табиғи апаттан 300-ден астам адам қайтыс болды, 600-ге жуық адам зардап шекті. Бүгінгі дүмпу тура сол аумақта қайталанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу