Индонезияда терроризмді насихаттады деген күдікпен Өзбекстан азаматтары ұсталды

569

Ұсталғандардың "Катиба таухид валь джихад" террористік ұйымына қатысы болған. 

Индонезияда терроризмді насихаттады деген күдікпен Өзбекстан азаматтары ұсталды Фото: img3.eadaily.com

Индонезияда Өзбекстанның төрт азаматы ұсталды, дер хабарлайды inbusiness.kz Индонезиялық Antara басылымына сілтеме жасай отырып.

Берілген ақпаратқа сәйкес, ұсталғандардың "Катиба таухид валь джихад" (ҚР-да ұйымға тыйым салынған) террористік ұйымына қатысы бар. 

"Төрт өзбекстандық "Катиба таухид валь джихад" халықаралық террористік ұйымына қатысушы деп күдіктелуде, — деді Индонезия полициясының өкілі Ахмад Рамадан.

Күдіктілер 26 мен 40 жас аралығындағы азаматтар деп хабарланды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, олар Индонезияға Түркиядан БАӘ мен Малайзия арқылы әртүрлі рейстермен келген.

Олардың екеуі 2023 жылдың 6 ақпанында, қалған екеуі үш аптадан кейін, 27 ақпанда ұшып келген.

"Төрт күдіктінің үшеуінің террористік ұйымға тікелей қатысы бар, ал төртіншісі оларды қаржылай қолдаумен және жалған құжаттар жасаумен айналысқан", — деді полиция өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу