Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген екі адам шетелден Қазақстанға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Күдіктілер ақпан айының соңында Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған болатын. Құқық қорғау органдары оларды Қазақстанға экстрадициялау жұмыстарын жүргізген.
Еске салайық, Атырау облысының Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді. 6 қаңтар күні жоғалған отбасы мүшелері – отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері сарай ішінен табылды. Кейін олардың денелерінде пышақ жарақаттарының болғаны анықталды.
9 қаңтарда құқық қорғау органдары аталған қылмысқа марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев күдікті екенін ресми мәлімдеді.
Сонымен қатар жоғалған отбасы туралы әлеуметтік желі арқылы түрлі ақпарат таратқан хакерге де халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.