Индонезияның Суматра аралында жанартау атқылап, 11 адам мерт болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің мәліметтері бойынша, үш адам аман-сау табылып, тағы 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.
Айта кетейік, Суматрада 3 желтоқсан күні Марапи жанартауы атқылады. Алдын ала деректерге сәйкес, жанартау шоғы 15 мың метрден астам биікке дейін шашыраған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу