Индонезияда жанартау атқылап, қауіпті дабыл қосылды

208

 800-ден астам адам эвакуацияланды. 

Индонезияда жанартау атқылап, қауіпті дабыл қосылды Фото: Reuters

Индонезияда Руанг жанартауы атқылады. Ел билігі ең қауіпті дабылды қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап. 

Елде кешегі күннен бастап жанартаудан ыстық лава төгіліп жатыр. 

"Жанартау әлі атқылап жатыр, барынша қырағы болуымыз керек", - деді вулканология агенттігінің өкілі Херунингтяс Деси бейсенбіде.

Таудан құлаған тас пен күл үйлер мен аурухананы басып қалған. Air Asia Авиакомпаниясы тоғыз рейсті тоқтатты. Билік жанартаудың айналасындағы алты шақырым аумақты қоршап қойды.

Табиғи апаттың алдын алу агенттігінің өкілі Абдул Мухари қауіпті аймақтардан 1500-ге жуық адамды дереу эвакуациялау керек екенін айтады. Алдағы күні 12 мыңға жуық адам апаттан зардап шегуі мүмкін. 

Шенеуніктер жанартаудың бөлшектері мұхитқа құлап түссе, цунами басталуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу