Индонезияның Сулавеси аралында Карангетанг жанартауы атқылап, жүздеген тұрғын баспанасын тастап қашуға мәжбүр болды, деп хабарлайды 24.kz.
Жанартау лавасы екі елдімекенге кірер жолды басып қалған. Зардап шеккендерге көмекті теңіз арқылы жеткізуге тура келген. Қауіпті аймақтан 132 адам эвакуацияланды.
Айта кетейік, Индонезия – жанартау қауіптілігі жоғары аймақта орналасқан мемлекет. 127 құбылмалы жанартау дәл осы елдің аумағында орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу