Индонезияда жанартау күлі 2000 метрге дейін көтеріліп, тұрғындар зардап шекті

Оқиға Флорес аралында болған. 

Индонезияда жанартау күлі 2000 метрге дейін көтеріліп, тұрғындар зардап шекті Фото: antikor.com.ua

Табиғи апаттан кемі 10 мың адам зардап шегіп отыр.

Арасында қайтыс болғандар да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Индонезияның табиғат апаттарымен күрес ұлттық агенттігінің мәліметінше, Флорес аралындағы қайғылы оқиға кемі 10 адамның өмірін жалмаған.

Лаки Лаки деп аталатын жанартаудың атқылауынан көкке көтерілген күл 2000 метрге дейін жеткен. Ыстық күл түсіп өртенген үйлер бар, сондай-ақ католик монастырын да өрт шалған.

Осы күні жанартауға жақын орналасқан 10 ауылдың 10 мыңдай тұрғыны зардап шегуде. Жергілікті билік мектептерді уақытша баспана ретінде пайдалануға беруге мәжбүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу