Индонезия астанасында болған қос жарылыстан 3 полиция қызметкері қаза тауып, 10 адам жараланды, деп хабарлайды 24.kz.
Жанкешті жасаған қос жарылыстың арасы 5 минут қана болған. Жарылыс Джакартаның шығысындағы автобус аялдамасында болды. Салдарынан құқық қорғау органдарының 5 өкілі мен 5 жергілікті тұрғыны жараланды.
"Полиция қызметкерлері өз кезекшіліктерін атқарып, шеру өткізіп жатқан азаматтарды күзетіп жүрген. Жарылысты ұйымдастырды деген екі күдікті де ер адам. Олардың жеке тұлғалары қазір анықталып жатыр", - дейді полиция өкілі.
Елдің көлік министрі Буди Кариа Сумадтың хабарлауынша, Индонезияның көлік нысандарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу