The Jakarta Post басылымының хабарлауынша, бұл мәлімдемені ол студенттермен кездесу барысында жасаған.
"Егер халық қылмыстық кодекске өзгеріс енгізгісі келсе, әлбетте, оны жүзеге асыруға болады. Бірақ бұл бастаманы үкімет қолға алуы тиіс",– деді Видодо.
Оның айтуынша, дүлей апат кезінде пара алғандарға өлім жазасы қолданылады. Ал елдің әділет және адам құқығы жөніндегі министрі Ясон Лаоли сондай-ақ экономикалық және қаржы дағдарысы кезінде жемқорлықпен айналысқандарға осындай үкім шығарылатынын жеткізді.
Transparency International халықаралық ұйымының дерегіне сүйенсек, Джакартаның жемқорлық деңгейі бойынша көрсеткіші 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта оңалып, тізімдегі 100-ден 32-ші орынға ие болған. Айта кететін жайт, Индонезияда заңсыз есірткі айналымы, лаңкестік және адам өлтіруге қатысты қылмыс жасағандар өлім жазасына кесіледі. Соңғы 5 жылда елде 18 адам осындай үкім шығарылған.
Табиғат Нұрболат