Индонезияда құтқарушылар тобы жуырда ғана жоғалып кеткен ұшақтың сынықтарын және экипаждың төрт мүшесінің мүрдесін тапты, деп хабарлады сейсенбіде елдің Көлік министрлігіне сілтеме жасап батыстың ақпарат құралдары. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр. Құтқарушылар қирандылар астынан қаза тапқандардың мүрдесін алып шыққан.
Бұған дейін хабарланғандай, канадалық De Havilland Canada фирмасының әскери ұшағы әуедиспетчерімен байланысқа шықпай қалған. Ұшақ Жаңа Гвинея аралындағы Тимика қаласынан Папуаның Илага қаласына ұшып шыққан болатын. Әуе көлігі екі қаланың арасын жарты сағатта жалғауы тиіс еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу