Индонезиядағы цунамиден қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

902

Цунамиден қаза тапқандар саны 420 адамға жеткен. 

Индонезиядағы цунамиден қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

Екі күннен бері Индонезияның Сулавеси аралын астан-кестең еткен жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 қыркүйек, жұма күні Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында екі рет жер сілкінді. Оның біреуінде жер сілкінісінің қуаты 7,4 балға жетті. Жер сілкінісінен кейін провинцияның орталығы саналатын Палу қаласында биіктігі 2 метрлік күшті цунами басталды.

Табиғат апаттарын басқару жөніндегі ұлттық агенттіктің (BNPB) мәліметінше, цунамиден қаза тапқандар саны 420 адамға жетті. Одан бөлек, Палу қаласының 540 тұрғыны жарақат алған. Жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккендерді көшіру, жеке басын анықтау шаралары әлі де жалғасып жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, табиғат апатынан жапа шеккендер мен қайтыс болғандар арасында қазақстандықтар жоқ",- делінген ҚР сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта. 

Консул Индонезияның табиғат апаттарын басқару жөніндегі ұлттық агенттігімен үнемі байланыста.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу