Индонезиядағы цунамиден зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ - СІМ

1142

23 желтоқсанда Индонезияның батысында жатқан Зонд бұғазы жағалауындағы елдімекендерді цунами жайпап өтті.

Индонезиядағы цунамиден зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ - СІМ

Индонезияда өткен аптаның сенбісінде болған цунамидің салдарынан зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

"Біздің консулдық қызмет жергілікті төтенше жағдайлар органдарының өкілдерімен тікелей әрі тұрақты байланыста. Бүгінгі таңда табиғи апат салдарынан зардап шеккен немесе опат болған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Десе де, біз әлі де байланысты ұстап отырмыз. Бұл – Индонезиядағы ең үлкен апаттардың бірі екені анық", – деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, өткен сенбі күні кешкісін Индонезияның батыс бөлігіндегі Зонд бұғазы жағалауында цунами жайпап өтті. Табиғи апатынан көптеген үй мен ғимарат қираған. Қаза болғандар саны 200-ден астам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу