Индонезияда болған қақтығыстан 6 адам қаза болып, 200 адам жарақат алды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан The Jakarta Post-қа сілтемемен.
"Бүгін таңертең сағат 9-дағы жағдай бойынша, 6 адам қайтыс болып, жарақат алғандар саны 200-ге жетті",– деді Джакарта губернаторы Анис Басведан.
Ол наразылық танытқандарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
"Наразылықтарыңызды бейбіт әрі ұйымдасқан түрде өткізулеріңізді өтінемін. Мен, сондай-ақ, құқыққорғау қызметкерлерінен ереуілшілермен орынсыз қақтығыс орын алмауы үшін сабырлы болуға шақырамын",– деді ол.
Бұл елде қарсылық шарасы президент сайлауының қорытындысы шыққанннан соң басталды. Олар сайлауда Джоко Видодо жеңді деп санайды. Осылайша ол екінші кезеңге қалдырылды.
Елдің орталық сайлау комиссиясы Видодо – 55,5% дауыс, ал оның қарсыласы Прабово Субианто 44,5% жинағанын хабарлаған.