Индонезиядағы зауытта жарылыс болып, 13 адам қаза тапты

273

Жарылыс салдарынан 8 индонезиялық пен 5 қытайлық опат болды. 

Индонезиядағы зауытта жарылыс болып, 13 адам қаза тапты Фото: freepik

Индонезияның Сулавеси аралындағы никель зауытында жарылыс болып, кем дегенде 13 жұмысшы қаза тауып, ондаған адам жараланды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бастапқы тергеуге сәйкес, жарылыс жөндеу жұмыстары кезінде болған.

"Бұл жақын жерде көптеген оттегі баллондары болғандықтан, тағы бірнеше жарылыс тудырды", - деді Индонезия Моровали индустриалды паркінің (IMIP) өкілі.

Бірнеше сағаттан кейін өрт сөндірілді. Жарылыс салдарынан 8 индонезиялық және 5 қытай азаматы қаза тапты.

Аудан басшысының міндетін атқарушы Рахмансия Исмаил жергілікті БАҚ өкілдеріне жараланғандардың жартысына жуығы шетелдік жұмысшылар екенін және олардың кем дегенде 17-сі ауыр жарақат алғанын айтты.

Бұдан басқа, компания зардап шеккендерді емдеу шығындарын өтейтінін ескертті.

IMIP – тот баспайтын және көміртекті болат өндіретін қытайлық компанияға тиесілі никель зауыты.

Осы жылдың басында сол индустриалды парктегі никель зауытында қытайлық және индонезиялық жұмысшылар наразылық кезінде қаза тапты.

Сондай-ақ, бірнеше ай бұрын сол зауытта болған өрт салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы алтауы жараланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу