Индонезияда болған күшті жер сілкінісі, соңғы мәліметтер бойынша, 100-ге жуық адамның өмірін қиды, деп хабарлайды батыстың БАҚ-қа сілтеме жасаған "Интерфакс".
Бұған дейін 54 адамның көз жұмғаны туралы айтылған болатын. Қуаты 6,5 балдық жер сілкінісі сәрсенбіге қараған түні Индонезияның Суматра аралының солтүстік жағалауындағы Малакк бұғазында болды, деп хабарлайды РҒА Бірыңғай геофизика қызметінің Алтай-Саян филиалы. Алғашқы дүмпуден кейін жер тағы бес мәрте толқыған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу